Қытай-Еуропа пойызының «Шығыс арнасы» Харбин-Суйфэньхэ теміржолы жаңартылып, қозғалысқа ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 қыркүйек
Қытай-Еуропа пойызының «Шығыс арнасы» Харбин-Суйфэньхэ теміржолы жаңартылып, қозғалысқа ашылды

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйек күні Қытай-Еуропа пойызының «Шығыс арнасы» Харбин-Суйфэньхэ теміржолының Суйфэньхэдан ұлттық шекараға дейінгі бөлегінің сапасын жақсарту және жаңарту жобасы аяқталды. Суйфэньхэ теміржол порты арқылы кіріп-шығатын Қытай-Еуропа пойыздары жаңа желіге қосылды. Трансформациядан кейін осы учаскедегі пойыздың жүру жылдамдығы 55 шақырымнан 120 шақырымға дейін ұлғайтылды, ал желінің өткізу мүмкіндігі 1 еседен астам көбейді. Харбин-Суйфэньхэ теміржолы Хэйлунцзян өлкесінің Харбин қаласы мен Суйфэньхэ қаласын жалғап жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото