Чунцин-Ваньчжоу жүрдек теміржолының Цюйси өзені көпірі түйістірілді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 тамыз
Чунцин-Ваньчжоу жүрдек теміржолының Цюйси өзені көпірі түйістірілді

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 тамызда Қытай Теміржол құрылысы Көпір басқармасы салған Чунцин-Ваньчжоу жүрдек теміржолы Цюйси өзеніндегі екі жолақты аса ірі көпірі сәтті түйістірілді. Чунцин-Ваньчжоу жүрдек теміржолының Цюйси өзені көпірі Чунциннің Фулин аумағы, Чжэнси қалашығында орналасқан. Ол Янцзы өзенінің бір тармағы болып табылатын Цюйси өзенін кесіп өтеді, жалпы ұзындығы шамамен 953 метр. Бұл бүкіл желі бойынша ауқымды және күрделі жоба.

Чунцин-Ваньчжоу жүрдек теміржолы Қытайдың «Сегіз тік және сегіз көлденең» жүрдек теміржол желісіндегі Баутоу-Хайкоу және Бейжің-Куньмин темір жолының құрамдас бөлігі. Магистральдың жалпы ұзындығы 251 шақырым, жобалық жылдамдығы сағатына 350 шақырым.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото