- Барлық ақпарат
Цзилиньдегі қолөнер: Табысқа жетелеген шебер саусақтар (4)
19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жүгері жапырақтарынан шебер жасалған себеттер, жүнмен тоқылған қуыршақтар, Шаған көліндегі балықтардың терісінен жасалған балық терісі суреттері... Қытайдың 24-інші Чанчунь Халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік көрмесінде мұқият жасаған қолөнер бұйымдары көптеген туристің назарын аударып, оларды тамашалауға және сатып алуға қызықтырды.
2012 жылы Цзилинь өлкесі әйелдердің жұмыспен қамтылуын қолдау үшін қолдан жасалған дәстүрлі бұйымдарды аймақтық ерекшеліктермен және халықтық мәдени өнермен үйлестіре отырып, «Цзилиньдегі шебер қыздар» жобасын жүзеге асырған болатын. Осы уақытқа дейін жоба 80 000-нан астам әйелдің үйінде отырып-ақ жұмысқа орналасуына ықпал етті. Олардың шебер саусақтарынан шыққан өнімдер Цзилинь өлкесінің мәдени-экономикалық визит картасына айналды.
people.cn © People's Daily Online