Такламакан шөліндегі патруль: Қыпырық ыстықта электр желісін күзетушілер (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 тамыз
Такламакан шөліндегі патруль: Қыпырық ыстықта электр желісін күзетушілер

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қапырық ыстықта Такламакан шөлінің беткі температурасы 70℃-ге жақындайды. Ыстық леп құм және шаңмен араласып, қоршаған орта өте қатал ауа райында болады.

Жақында қатты құмды бораннан соң, Мемлекеттік электр желісі Байынғолын бөлімшісі шұғыл түрде 220 КВ оңтүстік мұнарасының бірінші желісіне арнайы тексеру жүргізді. Бұл 512 шақырымдық электр жеткізу желісі «Барса келместі» кесіп өтеді және еліміздегі құмды алқаптан өтетін ең ұзын 220 КВ «электр артериясы» болып табылады. Шөлдің ішкі бөлігіндегі мұнай мен газ өндіруге және бұқараның электрді алаңсыз пайдалануына кепілдік береді.

Техникалық жөндеу жұмыстарының 80%-ы құмды шөлдің ішінде болады. Ұжым жетекшісі Чжан Чао топты «ДРОН + адам күші» бірлескен тексеруді қолдануға бағыттады.

Бұл топ кем дегенде 10 күн сайын мың шақырымнан астам қашықтықты жаяу тексереді, ал мереке күндері тексеру жұмысы жиірек болады.

«Электр желісі тұрақты болғанда ғана халық электр энергиясын алаңсыз пайдалана алады». Жанып тұрған күннің астындағы құм теңізінде жаяу тексерушілердің іздері ұзыннан-ұзын созылып жатыр, олар «Барсакелместі» кесіп өтетін электр желісін күзетіп, шөл даланың шетіне жарық жеткізеді.

China Daily веб-сайтының суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото