Тяньцзиньде 9 тамыз күні «Өркениеттер үйлесімі, бірлескен даму» тақырыбындағы онлайн жарнамалық іс-шарасы басталды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз
Тяньцзиньде 9 тамыз күні «Өркениеттер үйлесімі, бірлескен даму» тақырыбындағы онлайн жарнамалық іс-шарасы басталды

11тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзиньде 9 тамыз күні «Өркениеттер үйлесімі, бірлескен даму» тақырыбындағы онлайн жарнамалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның көрме сессиясында әлемге Қытай мәдениетінің сұлулығын сезінуге мүмкіндік беретін бірегей Тяньцзинь мәдениеті көрсетілді.

Іс-шарада Қытайдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің шетелдік студенттері мен Тяньцзиньдегі шетелдік достар өздерінің Тяньцзиньмен байланысты әңгімелерін айтып, сыр шертті. Сонымен бірге алдағы күндері өтетін 2025 жылғы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне шын жүректен тілектерін білдірді.

Іске қосу рәсіміне ҚКП ОК Желілік қауіпсіздік және ақпараттандыру комитеті кеңсесі директорының орынбасары және ҚХР мемлекеттік Интернет-ақпарат басқармасы директорының орынбасары Ню Ибинь мен «Халық Газетінің» бас редакторының орынбасары Сюй Лицзин қатысты.

Іс-шараны Тяньцзинь қалалық ҚКП комитетінің Интернет-ақпарат басқармасы, Тяньцзинь қалалық Мәдениет және туризм бюросы және онлайн «Халық Газеті» бірлесіп ұйымдастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото