Гуйчжоудың салқын ауасы ыстық экономикаға айналуда (9)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 тамыз
Гуйчжоудың салқын ауасы ыстық экономикаға айналуда

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қапырық жазда Гуйчжоудың Люпаньшуй қаласындағы Хайпин И ұлты стиліндегі көше өзінің «шараппен қарсы алу» салтымен және көңілді ән-биімен келушілерге И ұлтының салт-дәстүріне бірден енуге мүмкіндік береді. Бұл жергілікті туристік курорттық аймақтың жарқын көрінісі.

Люпаньшуй қаласының Юйхай ұлттық туристік курорты жергілікті үстірттегі дала сейілі, Юйшэ ұлттық орман саябағы және Хайпин И мәдени қалашығы сынды үш бағытты біріктіреді. Салқын климатқа, әдемі ландшафттарға және ерекше этникалық әдет-ғұрыптарға сүйене отырып, бұл жер туристер ағынын тартуға шебер.

«Қытайдың салқын мекені» брендіне сүйене отырып, Люпаньшуй қаласы туристік индустрияның трансформациясын жеделдету үшін «ойынды тамашалау және табиғат көріністерінен ләззат алу, мәдениет пен әдет-ғұрыптан дәм тату, денсаулық пен әл-ауқат үшін демалу» тәжірибе жүйесін құрды. Осылайша «қысқа мерзімді туристік сапарды» «асықпай терең сезінуге» қарай бұра білді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото