Чунцинде 2025 жылғы ШЫҰ елдерінің кинофестивалі ашылды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 шілде
Чунцинде 2025 жылғы ШЫҰ елдерінің кинофестивалі ашылды

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бейсенбіде Қытайдың Чунцин қаласында 2025 жылғы ШЫҰ елдерінің кинофестивалі ашылды. Фестивальда ШЫҰ елдерінен келген 25 кино көрсетілді.

5 күнге созылатын кинофестиваль барысында ынтымақтастық мәселелері бойынша форум, кинотехнология көрмесі, кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар өтеді.

«Алтын камелия» бас жүлдесін тапсыру рәсімі 6 шілдеде өтеді. Марапаттар үздік фильм, режиссура, сценарий, актерлік жұмыс және т. б. сыйлықты қоса алғанда, 10 номинация бойынша беріледі.

Негізгі байқауға Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 20 кино қатысып жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото