- Барлық ақпарат
 
«Аспандағы ауыр жүк көлігі»-T1400 ұшқышсыз тікұшағы алғашқы рейсін сәтті орындады (5)
31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық компания әзірлеп шығарған Boying T1400 ұшқышсыз тікұшағы 30 қазан күні Хэйлунцзян өлкесінің Харбин қаласында алғашқы ұшуын аяқтады.
Бұл дронның максималды ұшу салмағы 1400 кг, максималды төзімділігі 8 сағат, көтеру шегі 6500 метр және түзу аралықтағы ең тез жылдамдығы 180 км/сағ. Тікұшақ қос қозғалтқышты, барлық жағынан ұшуды басқару жүйесімен және жоғары берік композиттік құрылыммен жабдықталған. Ол агроорман шаруашылығы мен өсімдіктерді қорғау, логистика және тасымалдау, орман өртінің алдын алу және басқа салаларда қолдануда кең перспективаға ие.
Т1400 ұшқышсыз тікұшағы -40℃ қатты суыққа және 55℃ жоғары температураға шыдамды. 6500 метр биіктіктегі үстіртте де жұмыс жасай алады. Ұшу және қону кезінде 6-деңгейдегі желді, ал ауада 8-деңгейдегі дауылды еңсеріп ұшатындықтан, тікұшақ солтүстіктегі күрделі ауа-райында еркін ұша береді.
people.cn © People's Daily Online
				
			



