Бұратала, Шыңжаң: Мен оны көрдім, сонда болдым! Желіде бүкіл елге танымал болған Сайрам көлі (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 маусым
Бұратала, Шыңжаң: Мен оны көрдім, сонда болдым! Желіде бүкіл елге танымал болған Сайрам көлі

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдағы танымал теле жүргізуші Са Бэйнин кезекті бағдарламасында «Сайрамды көрмепсің, бұл өмірге келмепсің!» деген сөзімен ел ішіндегі әлеуметтік желіде Сайрам туралы қызу талқы тудырған еді. Туристер Сайрам көліне жасаған саяхат әсерін әлеуметтік желіде бөлісу кезінде осы сөзді сілтеме етіп, «Атлант мұхитының соңғы көз жасы» аталған Сайрам көлін одан сайын таныта түсті.

Жаз ортасында Шыңжаңдағы Сайрам көлі жылдың ең жарқын көрінісін ашады. Шалғыны биіктеп, гүлдері жайқалып тұр. Көлдің айналасындағы 90 мың гектарға жуық табиғи гүлдер толық гүлдеген. Суретте Сайрам көлін тамашалаған туристер көрінеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото