Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Қазақстандағы филиалының алғашқы магистранты оқуын сәтті аяқтады (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 маусым
Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Қазақстандағы филиалының алғашқы магистранты оқуын сәтті аяқтады

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (Сигун университеті) Қазақстандағы филиалының алғашқы магистранттары оқуын сәтті аяқтады. Мектептің ресми сайтының хабарлауынша, қазақстандық 8 магистранттың бірінші тобы оқуын сәтті аяқтап, магистр дәрежесін алды.

2023 жылдың қазан айында 8 қазақстандық студент қабылдау хаттарын алып, Сигун университетінің Қазақстандағы филиалының алғашқы магистранттары атанды. Сегіз айдан кейін олар Алматыдан Шэньси өлкесінің Сиань қаласына келіп, Сигун университетінің Электронды ақпарат институтында, Информатика институтында және Материалдар институтында оқуын жалғастырды.

Тәлімгерлерінің жетекшілігімен олар былтыр маусым айының соңында дипломдық жұмысының тақырыптық таңдауын сәтті аяқтап, осы жылдың маусым айында магистр дәрежесін алу үшін дипломдық жұмысты қорғады.

2023 жылдың мамыр айында Қытай-Орталық Азия саммиті барысында Солтүстік-Батыс политехникалық университеті мен Қазақстан әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті бірлесіп Қазақстанда филиал салу туралы келісімге қол қойды, сол жылы қазан айында студенттердің бірінші тобын қарсы алды. Осы жылдың басында екі мектеп те Алматыда Қытай-Қазақстан Инженерлік шеберлік институтын бірлесіп салу туралы келісімге қол қойды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото