- Барлық ақпарат
Чунциннен Орталық Азияға алғашқы тұрақты жүк пойызы жолға шықты (3)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 сәуір
21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 20 сәуірде таңертең «Чунцинде жасалған» полиэфирлі чиптерге толы Орталық Азия пойызы Чунциннен жолға шықты. Бұл - Чунциннен Орталық Азия бағыты бойынша алғаш рет тұрақты кестемен жүретін жүк пойызы. Осыдан кейін бұл бағытта ай сайын екі пойыз тұрақты түрде қатынайды.
Мәліметтерге сәйкес, тұрақты түрде қатынайтын бұл Орталық Азия пойызы Қорғас порты арқылы елден шығып, Қазақстанды басып өтіп, Өзбекстанның астанасы Ташкентке шамамен 12 күнде жетеді. Бүкіл жол шамамен 4700 шақырымды құрайды, бұл еліміздің батысы мен Орталық Азия арасындағы саудаға тиімді кепілдік береді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online