Бас хатшы Фуцзяньдағы ауылды жандандыру жолын қалай жүру керек екенін айтты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 сәуір
Бас хатшы Фуцзяньдағы ауылды жандандыру жолын қалай жүру керек екенін айтты

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Си Цзиньпин жолдас Фуцзяньда 17 жарым жыл жұмыс істеген. Сонымен қатар бірқатар маңызды тұжырымдамаларды алға тартты және бірсыпыра негізгі тәжірибелерді ілгерлетті. Фуцзянь жеріндегі тау-сулар мен ауылдастарды Бас хатшы ешқашан есінен шығарған емес. ҚКП 18-інші Мемлекеттік құрылтайынан бастап Бас хатшы Си Цзиньпин Фуцзянды дамыту бойынша көптеген маңызды нұсқау берді.

Фуцзяньға сапары барысында Бас хатшы «ауылды жандандыруда жергілікті жағдайға сәйкес даму саласын таңдау маңызды», «шай мәдениетін, шай өнеркәсібін, шай технологиясын біртұтас дамытып, жасыл даму бағытын ұстанып, бренд туралы танымды арттырып, маркетинг айналымын оңтайландырып, ауылды жандандырудың өнеркәсіптік негізін нығайтуымыз керек», «біз ғылым-техникалық инновациялар мен индустриялық инновацияларды терең тоғыстыра ілгерілетуде жаңа жолды ашуымыз керек» деп атап көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото