- Барлық ақпарат
Төраға Си Цзиньпин Фуцзяньның мәдени және табиғи мұрасын қорғауға әрқашан үлкен мән берді
19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- «Мәдени жәдігерлер мен мәдени мұралардың бойында Қытай ұлтының гені мен қаны бар. Олар Қытай өркениетінің жаңартылмайтын және орнын ештеңе баса алмайтын құнды ресурстары». Фуцзянь дәстүрлі мәдениет пен тарихтың бай қорына ие өлке, материалдық емес мәдени мұра ресурстарының мазмұны мол. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне 10 жобасы таңдалған, еліміздегі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғаудың үш сериясы бойынша «үлкен дулыға» еншілеген жалғыз провинция.
Төраға Си Цзиньпин материалдық емес мәдени мұраны қорғау мен оған мұрагерлік етуге әрқашан үлкен мән беріп, материалдық емес мәдени мұраны жүйелі түрде қорғауда, халықтың өсіп келе жатқан рухани және мәдени қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыруда табанды жұмыс істеу қажеттігін және мәдени сенімділікті арттыруды атап өтті. Қытайдың көрнекті дәстүрлі мәдениетінің инновациялық трансформациясы дамуына ықпал етуді, Қытай ұлтының бірлігі мен Қытай мәдениетінің ықпалын үздіксіз арттыруды, мәдени алмасулар мен өзара үйренуді тереңдетуді, Қытайдың тамаша дәстүрлі мәдениеті туралы хикаяларды жанды бейнелей білуді, Қытай мәдеиетін әлемге кеңінен таралуын нәсихаттауды баса айтты.
people.cn © People's Daily Online