Бейжіңнің 2025 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 сәуір
Бейжіңнің 2025 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы жолға шықты

17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 16 сәуірде кондиционермен, су өткізбейтін мембранамен, шиналармен және басқа да тауарлар толық тиелген Қытай-Еуропа пойызы Қытай теміржолы Бейжің бөлімшесінің Бейжің Теміржол логистикалық орталығындағы Люлихэ жұмыс нүктесі арнайы желісінен шығып, Ресейдің астанасы Мәскеуге бет алды. Бұл биылғы Бейжің-Мәскеу бағыты бойынша алғашқы Қытай-Еуропа пойызы бағытының сәтті ашылуын білдіреді. Хабарламаға сәйкес, бұл пойыз Манжули порты арқылы елден шығып, батыстағы Мәскеуге бет алады. Жолдың ұзақтығы шамамен 9000 шақырымды құрайды. Болжанған тасымалдау уақыты 16 күн болады деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото