Си Цзиньпин: Жоғары деңгейдегі стратегиялық тағдыры ортақ Қытай-Малайзия қауымдастығын құру (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 сәуір
Си Цзиньпин: Жоғары деңгейдегі стратегиялық тағдыры ортақ Қытай-Малайзия қауымдастығын құру

17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 16 сәуірде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрахим Путраджаядағы Премьер-министрдің ресми резиденциясында келіссөздер жүргізді.

Си Цзиньпин жоғары деңгейдегі стратегиялық тағдыры ортақ Қытай-Малайзия қауымдастығын құру туралы үш пікір білдірді. Біріншісі-жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Екіншісі-даму саласындағы жоғары сапалы ынтымақтастықтың негізін бекіту. Үшіншісі-ұрпақтан-ұрпаққа достықты мұра етіп, мәдени алмасулар мен өзара үйренуді тереңдету.

Анвар Ибрахим Малайзия Қытаймен стратегиялық байланысты тереңдетуге және саяси өзара сенімді нығайтуға дайын екенін айтты. Малайзия екіжақты сауданың кеңеюін асыға күтеді және қытайлық компаниялардың Малайзияға инвестиция салуын құптайды.

Оның айтуынша, АСЕАН тарифтердің біржақты енгізілуін жақтамайды және экономикалық өсуді қолдау үшін ынтымақтастық арқылы өзін нығайуға әзір.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото