Ғылым мен техниканың керемет жаңалықтары және жасанды интеллект элементтері Тұтынушылар көрмесінде жарқырап көзге түсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 сәуір
Ғылым мен техниканың керемет жаңалықтары және жасанды интеллект элементтері Тұтынушылар көрмесінде жарқырап көзге түсті

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 5-інші Халықаралық тұтыну тауарлары көрмесінің сахнасындағы интеллектуалды және технологиялық тәжірибе көрермендерге ғылыми-фантастикалық өмірдің енді адамдар тұрмысынан алыс емес екенін сезіндірді.

Тұтынушылар көрмесінің жасанды интеллект аймағында ғылым мен техника саласындағы 15 жетекші компания мен кейбір ғылыми-зерттеу мекемелері жиналды, соның ішінде қазір аса танымал «Ханчжоу алты айдаһарының» ішіндегі үш айдаһар болды, олар: Yushu Science And Technology, MANYCORE TECH INC және Qiangnao Technology. Ақылды өнімдердің дисплейі, оларды тұтынушылардың тәжірибеден өткізуі - технологиялардың қуаттылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар қарапайым адамдарға болашақты елестетуге мүмкіндік берді.

Биыл тұтынушылар көрмесінде ақылды жаңа энергетикалық көліктерге, жасанды интеллект ұялы телефондары мен компьютерлеріне, смарт роботтарға, үйге арналған смарт жиһаздарға, адамдар тағынатын смарт бұйымдарға, сондай-ақ eVTOL ұшақтары мен логистикалық дрондар сияқты жаңа өнімдер мен жаңа технологияларға назар аудара отырып, алғаш рет озық технологиялар салаларына арнаулы көрме алаңы ұйымдастырылды. Ел ішіндегі және шетелдегі ең жаңа гуманоидты роботтар да осы жолғы тұтынушылар көрмесінде бір сахнада бәсекеге түсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото