- Барлық ақпарат
Алматыда «Сянь Синхай ескерткіші мен алаңын жөндеу жобасын» іске қосу рәсімі өтті (6)
15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 12 сәуірде Қазақстанның Алматы қаласында «Сянь Синхай ескерткіші мен алаңын жөндеу жобасын» іске қосу салтанаты өтті. Шараға Қытайдың Алматыдағы Бас Консулы Цзян Вэй, Гуанчжоу қалалық ҚКП тұрақты комитетінің мүшесі және Үгіт-насихат министрі Ду Синьшань, Қытай мен Қазақстан үкіметінің, әдеби және көркемөнер үйірмелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, сол сияқты жастардың 50-ден астам өкілі қатысып, «Сянь Синхай ескерткіші мен алаңын жөндеу жобасының» іске қосылуына куә болды.
1999 жылы Алматы қаласында Сянь Синхай ескерткіші тұрғызылды. Биыл дүниежүзілік фашизмге қарсы соғыс жеңісіне 80 жыл, Қытай халық музыканты Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл толады.
80 жылдан астам уақыт бұрын қытайлық композиторы Сянь Синхай мен қазақстандық музыкант Бақытжан Байқадамов Алматыда кездесіп, ел аралық достық орнатып, қытай-қазақ музыкасының ұмытылмас тарихын қалдырған еді.
people.cn © People's Daily Online