Қытайда 120 миллион му-дан астам егіндік суарылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 сәуір
Қытайда 120 миллион му-дан астам егіндік суарылды

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 9 сәуір күні Су ресурстары министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, сәуір айының басында бүкіл ел бойынша 23 өлке көктемгі суаруды бастап, оның жиынтық суару алаңы 120 миллион му-дан асқан. Оның ішінде 2200-ден астам ірі және орта суару алқаптары қамтылған. Жиынтық суару алаңы 100 миллион му-дан астам көлемге жетті.

Су ресурстары министрлігінің жауапты тұлғасының айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш ведомство әр өлкенің су көздерін реттеуді күшейту және суарудың ғылымилығын жүзеге асыру туралы жетекшілік етті. Сонымен бірге суды сақтау мен қорғауды үйлестіріп, суармалы судың қауіпсіздігі мен қамтамасыздандыруын одан әрі жақсарта түсті.

Сол сияқты, барлық деңгейдегі су ресурстары департаменттері суармалы су сапасының стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото