- Барлық ақпарат
Шоңқұштай (6)
9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньшань тауының етегінде Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданынан 90 шақырым жердегі оңтүстік таулы аймақта Қаражон жайлауымен өзен арқылы бөлініп, бір «Ертегідей ауыл» жатыр. Мұнда жасыл желек жамылған жайлау, асау өзендер, асқар таулар, ну орман, даласы малға толған қыстаулық, терең аңғарлар бар. Бұл табиғаттың тамаша сыйын бір бойына сыйдырып жатқан Шоңқұштай.
Бүгінде мұнда 400-ден астам отбасы тұрады, олардың ағаш үйлері самыраған жұлдыздай болып көрікті Құштайдың төсінде жатыр. Бұл Іле өзені аңғарындағы жақсы сақталған ағаштан жасалған құрылыс тобы. Олардың ішінде қазақтардың кейбір ағаш үйлерінің жүздеген жылдық тарихы бар.
2014 жылы Шоңқұштайдан Текес ауданына келетін тау айналған тасжол салынып, іске қосылды. Қолайлы көлік қатынасы осы шағын ауылдың ертегідей сұлулығына кездесіп, мұнда туристер көбейді.
Бүгінгі таңда 125 жергілікті ерекшелікке ие қонақ үйлер, ат кооперативтері, ара өсіру кооперативтері, ән-би кооперативтері жұмыс істейді... Барған сайын жетілдіріліп келе жатқан туристік индустрия желісі 500-ден астам ауыл тұрғынын есігінің көзінде жұмысқа орналастырды. Ал үй шаруашылығының орташа жылдық табысы 30 000 юаньнан астамға өсті. Ауыл тұрғындары күндерінің балдан тәтті екенін айтып жүр.
people.cn © People's Daily Online