Жеңістің 80 жылдығы: Қазақстандық БАҚ Астанада парадқа дайындық қалай өтіп жатқанын көрді (6)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 сәуір
Жеңістің 80 жылдығы: Қазақстандық БАҚ Астанада парадқа дайындық қалай өтіп жатқанын көрді

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер Астана қаласындағы 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықты көріп қайтты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Баспасөз туры жеке құрамның жаттығуларын көрсетуден басталды. Плацта 3000-нан астам офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызмет сарбазы дайындалып жатты. Өзге бөлімшелер жақын арада жалпы топқа қосылады.

Парадтық есептоптардың негізін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің есептоптары да қатысады.

Сондай-ақ журналистерге әскери қызметшілер тұратын шатырлы қалашық, шаруашылық жабдықтау пунктері, далалық госпиталь көрсетілді.

Техникалық аймақта қонақтарға соғыс жылдарындағы техника мен заманауи жауынгерлік машиналарды парадқа дайындайтын мамандарды көруге де мүмкіндік берілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото