- Барлық ақпарат
XPENG ұшатын көлігі Хунаньда алғашқы рейсін жасады
28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 наурыз күні Хунань Чандэ қаласында XPENG Хуйтяньның «Құрлықтағы әуе кемесі» атты бөлінетін денелі ұшатын көлігінің алғашқы ұшу рәсімі өтті. Ұшатын көлік су айдындары ортасында ұшып өтіп көрсетті.
XPENG Хуйтянь «Құрлықтағы әуе кемесі» - Guangdong Huitian Aerospace Technology компаниясы дербес әзірлеген ұшатын көліктердің соңғы буыны. Ол екі бөліктен тұрады: құрлықтағы және ұшатын көлік.
Ұшатын модульдің таза салмағы - 360 кг. Ұшқыш кабинасы қолмен басқарудың және автоматты жүргізудің екі режимін қолдайтын қос кабиналы етіп жасалған. Бұл ұшатын көлікті әдеттегі көліктің жүк салғышына тиеуге болады.
Құрлықта ұшатын көліктің ұзындығы шамамен 5,5 метр, ені мен биіктігі шамамен 2 метр. Көлік 1000 шақырымға дейін жүре алады. Оны кәдімгі көлік сияқты қоғамдық немесе компанияның көлік тұрағына қоюға болады.
Ұшатын көліктің ұшып көтерілуі мен қонуына қойылатын экологиялық талаптар қарапайым, тек 6-8 тұрақ орны мен қатты жер қажет. Бұл пайдаланушылардың оны тоқтату мен пайдалану сценарийлеріне шектеулерді айтарлықтай азайтады.
people.cn © People's Daily Online