- Барлық ақпарат
Памир үстіртіндегі арман аренасында бақ сынаған алғашқы әйел шабандоз (8)
27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Асқақ Памир үстірті баурайындағы Тәшқорған ауданы Ізнап ауылындағы бәйгенің тарихи сәтіне куә болды. 22 жастағы тәжік қызы Гүлайса Дихан 5000 метрлік бәйгеде атына қамшы басып, үшінші орынмен бәйгені аяқтаған алғашқы әйел шабандоз атанды.
Гүлайса әулет бойы ат жалында өскен отбасында дүниеге келген. Оның атасы, әкесі және үлкен ағасы - ауылдарындағы танымал бәйгешілер. Гүлайса бала кезінен атқа ерекше әуес болды. Студент кезінде кәсіптік-техникалық колледжін спорт мамандығы бойынша оқыған. Жеңіл атлетикадан автономиялық регион дәрежелі студенттер арасындағы 5000 және 10000 метрлік жарыста қос алтынды бірдей қанжығасына байлаған.
Өткен жылы мектепті бітіргеннен кейін ол жылқы спортымен шұғылдану үшін ауылына қайтып, жарыс сахнасына әйел шабандоз болып көтерілді.
«Бәрі де мүмкін!»,- дейді Гүлайса, ол «осы өнерде қыздардың қарасы көбейіп, үстірттегі бәйге мәдениетін ұрпақтар бойы жалғастыруын күтемін»,- деп өзінің үмітін айтты.
people.cn © People's Daily Online