Фуцзяньның Цюаньганындағы ежелгі ауыл көктем гүліне оранды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 наурыз
Фуцзяньның Цюаньганындағы ежелгі ауыл көктем гүліне оранды

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемгі гүлдер жайқалған маусымда Фуцзянь өлкесінің Цюаньган қаласы Цюаньган аумағында орналасқан Қытайдың дәстүрлі ауылдарының бірі - Чжанцзяо ауылы туристерге толы. Туристер Қытайдың көйлектері сынды дәстүрлі киімдерін киіп, фотоға түсіп, байырғы ауылда серуендеп жүр. Туристердің қуанышты күлкісі мен ауыл тұрғындарының жаңа сығылған қант қамысы шырынын сатуға шақырған дауыстары байырғы ауыл тіршілігіне тыныс бергендей.

Мәліметтерге сәйкес, көне үйлердің көбі Цин әулетіндегі Цзяциннің төртінші жылында салынған. Яғни олардың тарихы 200 жылдан асады. Ауылдың айналасындағы тауларда көгілдір тастар мен түрлі-түсті тастар көп болғандықтан, ата-бабалар осы материалдарды пайдаланып, түрлі-түсті тастармен үй қалаған. Сондықтан да оны «майлы бояумен боялған таулы ауыл» деп атайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото