Қыш ыдыстар жасау мұрагері топыраққа жаңа өмір сыйлады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 наурыз
Қыш ыдыстар жасау мұрагері топыраққа жаңа өмір сыйлады

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Қашқар аймағы Пәйзауат ауданындағы Решиткәрі Абуләкімнің қыш шеберханасы көздің жауын алатын қыш ыдыстарға толы. 31 жастағы шебер «Қышы бұйымдары өнерінің» ұлттық материалдық емес мәдени мұраның төртінші буын мұрагері. Ол бұл қолөнерді бала кезінен бастап атасы мен әкесінен үйренген. Оның жұмыстары қарапайым және көркем, қолдануға қолайлы және эстетикалық құндылықтарға ие.

Пәйзауат ауданының қыш ыдыстарын жасау тарихы өте ұзақ. Олар балшықты шикізат етіп, ешқандай фотоға қарамай, мүсіндерге еліктеместен ұсталардың шеберлігі мен тәжирибесіне сүйене отырып, неше түрлі ыдыстарды жасап шығады. Решиткәрі 30-дан астам түрлі керамикалық бұйымдар жасады. Ұйғыр халқының дәстүрлі мәдениетін бейнелейтін бұйымдардың пішіндері көркем, түстері алуан түрлі.

Дәстүрді сақтай отырып, ол өз қалауынша өрнектер салып, жаңалықтар жасап, бұйымдарға сәндік және ыңғайлыық сипатын сыйлайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланып, өз жұмысының жасалу процесін көпшілікке көрсетеді. Осылайша, дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап жүрген оның туындылары туристер мен саудагерлер арасында үлкен сұранысқа ие болуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото