Ордоста «Гу жугэ» ұлттық материалдық емес мәдени мұрасы сахналанды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 наурыз
Ордоста «Гу жугэ» ұлттық материалдық емес мәдени мұрасы сахналанды

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғұлдың тиісті департаменттерінің әзірлеп, орындауындағы «Гу жугэ» ән-би драмасының премьерасы жақында Ордос үлкен театрында сәтті өтті.

Ордостың «Гу жугэ» ән-би драмасы-ішкі Моңғұл автономиялық регионы Ордос аймағына кең таралған. Ол бата сөздерге, мадақтауларға және тәрбие беруге негізделген ежелгі сарай әндері. 2008 жылы Ордостағы бұл өнер түрі ұлттық материалдық емес мәдени мұралар тізімінің екінші партиясына енгізілді. «Гу жугэ» операсының басты мазмұнында бас кейіпкер қыздың аққудың баласын жаралап алғаннан кейінгі адам мен табиғат арасындағы үйлесімді симбиозды түсінген тамаша оқиға баяндалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото