Алматыда 100-ден астам қуыршақ қойылған көрме ашылды (12)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 наурыз
Алматыда 100-ден астам қуыршақ қойылған көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде коллекциялық қуыршақтар көрмесін ашылды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Көрмеде «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағының құрамына кіретін Алматы, Астана, Жаркент қалаларынан жиналған 21 шебер 140 авторлық жұмысын ұсынып отыр. Бұл іс-шара көктем мен жаңарудың мерекесі — Наурыз мейрамы аясында өткізіліп отыр.

Көрменің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері және қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты — алматылықтар мен қала қонақтарына Қазақстанның талантты шеберлерін және олардың бірегей жұмыстарын таныстыру.

Фото: Kazinform

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото