- Барлық ақпарат
Сицзанның Нагчу қаласында барлығы 126 барыс анықталды (2)
19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сицзан автономиялық регионы Нагчу қаласының Орман шаруашылығы мен Шабындық бюросы, Ландшафттық табиғатты қорғау орталығы бірлесіп жариялаған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Нагчу қаласының бүкіл аумағындағы барыстарды тексеру кезінде олардың жалпы саны 126 екендігі анықталған. Оның ішінде 12 күшік бар. Бұл көрсеткіш аймақтың Цинхай-Сицзан үстірті кіндігіндегі барыстардың негізгі тіршілік ету ортасы екенін дәлелдейді. 2021 жылдан бастап зерттеу тобы Нагчу қаласында барлығы 217 инфрақызыл камера орнатып, барыстың 2538 суретін түсірді. Зерттеу арқылы аймақта барыстардан басқа, сары мысықтар, қызыл теңбіл бөкендер мен ши бөрі сияқты ұлттық негізгі қорғалатын 37 түрлі тіршілік иелерін тіркеді. Бұл Нагчудің биоәртүрлілікке өте бай екенін көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online