Чжаосин Дун ауылы, Липин, Гуйчжоу: көктем құшағындағы этникалық ауыл көрінісі (8)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 наурыз
Чжаосин Дун ауылы, Липин, Гуйчжоу: көктем құшағындағы этникалық ауыл көрінісі

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктеммен бірге көркейген Гуйчжоу өлкесі Чжаосин Дун ауылында рапс гүлдері жайқалып тұр. Ауыл ішінде Дун ұлтының әні құйқылжып, жылдар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық салт-сананы әуенмен өрнектеп жатыр. Самал жел барабан мұнарасының маңдайын сипап өтіп, Дун ауылының ерекше тыныс-тіршілігін шартарапқа таратып, жүректерді елжіретеді.

Чжаосин Дун ауылы - Қытайдағы ең ірі Дун ауылдарының бірі. Соңғы жылдары жергілікті бай мәдени ресурстарға сүйеніп, бұл өңір туризмді қарқынды дамытып келеді. Сонымен қатар, Чжаосин Дун ауылы халықтың дәстүрлі шеберлігіне сүйеніп, Дун кестесі сияқты мәдени шығармашылық өнімдерді шығаруда. Осылайша 2000-нан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото