Бейжің: Көктемге бет алған трамвай (6)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 наурыз
Бейжің: Көктемге бет алған трамвай

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың 17 наурызында Бейжіңдегі Сицзяо трамвай желісінің Сяншань станциясында таулы шабдалы гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқаптың арасынан пойыз жүйткіп өтті. Бұл көрініс нағыз көктемнің сұлулығын бейнелейтін тамаша суретке айналды.

Ауа температурасы бірте-бірте жылынып келеді, қала тұрғындары мен туристердің Ұлттық ботаникалық баққа, Сяншань саябағына және басқа да танымал көрікті жерлерге саяхатқа және гүлдерді көруге деген сұранысын қанағаттандыру үшін Сицзяо желісі жақында арнайы трамвайды іске қосты. Сонымен бірге «шығу инспекциясынан босату» шаралары уақтылы ашылды, бұл шара азаматтар мен туристердің саяхатын айтарлықтай жеңілдетіп, туристердің ерекше ықыласына ие болды. Сөйтіп саяхатшылар Сицзяо желісіндегі трамвайды «көктемге бет алған трамвай» деп атап кетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото