Қазақ жігітінің арманы:жайлаудан көк аспанға дейін (7)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 наурыз
Қазақ жігітінің арманы:жайлаудан көк аспанға дейін

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем келіп, табиғат ана бусанып, Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысындағы Нарат жайлауы өзінің ең әдемі маусымын бастау алдында тұр. 23 жастағы қазақ жігіті Мейірбек Тілеубекұлы Robinson R44 тікұшағымен Іле өзені аңғарының көк аспанында жаттығу жасап жүр. Ол бала кезінен аспанға ұшуды армандайтын еді. Колледжді бітіргеннен кейін интернатурадан өтіп, тікұшақ жүргізушісінің куәлігін алды.

Бүгінде Мейірбек - кәсіби тікұшақ ұшқышы. Көркем аймақтың танымалдығының артуына орай ол тікұшақпен жолаушыларды алып биіктен кең жайлауды, Өрікті сайының көрінісін тамашалатады. Мейірбек тек ұшқыш қана емес, сонымен бірге жолаушыларға Шыңжаңның әдет-ғұрыптарын, жергілікті қызықты оқиғаларды шебер жеткізетін әңгімеші де.

Мейірбек жұмыс жасайтын компания тау-кен аумақтарында медициналық құтқару және ұшақтармен жерге тұқым себу сияқты жұмыстармен де айналысады. Оның әуеде ұшқан уақыты 430 сағаттан асты. Болашақта Мейірбек ұшқыш мұғалім куәлігін алып, малшы отбасы балаларының көк аспан туралы армандарын жүзеге асыру мақсатында шәкірт тәрбиелеуді жоспарлап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото