- Барлық ақпарат
Сиань әуежайында мұражай ашылды (9)
![]() |
27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 ақпанда Сиань Сяньян халықаралық әуежайының T5 терминалы іске қосылды. T5 терминалының ғимаратында Батыс әуежайының мұражайы орналасқан. 26 ақпаннан бастап Батыс әуежайының мұражайы көпшілікке есігін айқара ашты.
Мұражай T5 терминалының 4-қабатындағы орталық аймақта орналасқан. Ол 6400 шаршы метр аумақты алып жатыр. «Біздің мұражай салудағы алғашқы мақсатымыз көпшіліктің талабынан туындады. Әуежайдың үшінші кезегін салу кезінде осы аумақтан көптеген мәдени жәдігерлер қазылған еді. Сол кезде көптеген желі қолданушылары әуежайда осы мәдени жәдігерлерді көрсету үшін мұражай салынса деген пікірлер айтып, әлеуметтік платформалар арқылы хат жолдады»,- деді Батыс әуежайы мұражайы дайындық тобының мүшесі Хоу Чао. Ол сөзін сабақтап, «Шэньсиді сыртқа көрсететін маңызды терезе ретінде әуежай туристер үшін Сианьға баратын алғашқы және соңғы аялдама болуы мүмкін. Туристер мұнда Шэньсидің мәдени ерекшеліктерін сезіне алады деп күтеміз»,- дейді.
Соңғы жылдары Сиань Сяньян халықаралық әуежайындағы археологиялық қазбалар жемісті нәтиже берді. 2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың қазанына дейін Сиань Сяньян халықаралық әуежайын кеңейту жобасының үшінші кезеңінде Шэньси өлкесінің Археология институты әртүрлі типтегі 6848 көне мәдени жұрттарды, соның ішінде 4093 көне қабірді, ондағы қыш пештерді, күл шұңқырларды, арықтар мен жолдарды және басқа да 2755 көне жұрыттарды қазды. Сонымен қатар 22000-нан астам мәдени жәдігерлерді (топтарды) тапты.
Батыс әуежайының мұражайы Сиань Сяньян халықаралық әуежайының құрылысы кезінде табылған мәдени жәдігерлерді негіз еткен. Онда әуежай құрылысындағы мәдени жәдігерлерді қорғау және археологиялық қазба жұмыстарының тарихы, сондай-ақ Шэньсидің ежелгі Жібек Жолының басталуы ретіндегі даңқты тарихы мен ежелгі Чанъаньның өркендеген пейзажы көрсетілген.
T5 терминалының жалпы құрылыс алаңы 705 500 шаршы метрді құрайды. Бұл қолданыстағы T1, T2 және T3 терминалдарының қосындысынан кең. T5 терминалы пайдалануға берілгеннен кейін China Eastern Airlines, Shanghai Airlines және China United Airlines авиакомпанияларының үш ішкі рейсі, сондай-ақ барлық халықаралық, Сянган, Аомэнь және Тайвань рейстері T5 терминалына ауыстырылады.
people.cn © People's Daily Online