Әлемдегі ең ұзын теңіз асты жүрдек теміржол туннелінің құрылысы қауырт жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 ақпан
Әлемдегі ең ұзын теңіз асты жүрдек теміржол туннелінің құрылысы қауырт жүріп жатыр

26 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 25 ақпан. Нинбо-Чжоушань теміржолының Цзиньтан қалашығындағы теңіз асты туннелінің Нинбо жағындағы құрылыс алаңы.

Нинбо-Чжоушань теміржолының Цзиньтан теңіз астындағы туннелі батыста Чжэцзян өлкесіндегі Нинбо қаласы Бэйлунь аумағынан басталып, шығыста Чжоушань қаласы Цзиньтан қалашығына дейін жетеді. Жалпы ұзындығы 16,18 шақырымды құрайды, әлемдегі ең ұзын теңіз асты жүрдек теміржол туннелі.

«Юнчжоу» қалқан машинасы Нинбо жағының құрылысына жауапты. Қазірге дейін қазба жұмыстарының үштен бір бөлігін аяқтады. Осы жылдың мамыр айында теңіз бөлігінің құрылысы басталып, күрделі композиттік қабаттың жұмысы қолға алынады», - деді жоба инженері Ху Хао.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото