Ішкі Моңғұлда малшылар «мұздағы арга» жарысын өткізді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 ақпан
Ішкі Моңғұлда малшылар «мұздағы арга» жарысын өткізді

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- жақында Ішкі Моңғұлдың Тонляо қаласына қарасты ауыл шопандары мұз қатқан өзенде «мұздағы арга» (мұздағы асық)ойынын ұйымдастырды.

«Мұздағы арга» (мұздағы асық)- моңғұл халқының дәстүрлі мұз спорты. 2007 жылы ол Ішкі Моңғұл автономиялы регионы материалдық емес мәдени мұрасы өкілдік жобаларының бірінші партиясына енгізілді. «Арганы»(асық)сиырдың асығын өңдеп, бояп дайындайды. Әзірлеу кезінде сиыр асығының дөңес және ойыс жерлерін тегістеп, ойыс бетінен тесік жасап, салмағын арттыру үшін қорғасын құяды. Бұл ойынды ойнағанда дөңес беті бар арганы атып, жеткен жерінде қалдырып нысана аргасы етеді. Содан соң қолдағы сақамен нысана аргасын көздейді. Сақасы нысанаға тиген адам жеңімпаз атанады. Бұл ойынды екі адам да ойнай береді. Ал адам көп болған сайын ойын қызықты бола түседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото