Ганьчжоу, Цзянси: Халықаралық Құрлық портындағы тиеу-түсіру жұмыстары қызу жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын түсірілген сурет. Цзянси өлкесінің Ганьчжоу қаласы, Нанькан аумағындағы Ганьчжоу Халықаралық құрлық портында кран Қытай-Еуропа пойызына контейнерлерді тиеп-түсіріп жатыр.

Ганьчжоу Халықаралық құрлық порты - Цзянси өлкесіндегі алғашқы ішкі ашық порт. Қазіргі уақытта алты ірі шекаралық порттың импорттық және экспорттық арналары ашылды. Логистика Еуропаның, Орталық Азияның және Оңтүстік Азияның 20-дан астам елінің 150-дей қалаларына таралады. Статистика көрсеткендей, 2024 жылы Ганьчжоу халықаралық портында әртүрлі типтегі 4307 пойыз жолға шығып, бағыт көлемі 5,4%-ға өсті. Оның ішінде Қытай-Еуропа пойызы 54,6% - ға артып, барлығы 1600-ден астам пойыз жөнелтілді; теміржол контейнерлерінің өткізу қабілеті 289 000 TEU-ді құрап, 5,6% - ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото