Санжы қаласындағы Шамдар фестивалінде Шэхуо дәстүрлі ойындары өтті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 ақпан
Санжы қаласындағы Шамдар фестивалінде Шэхуо дәстүрлі ойындары өтті

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 ақпан Шамдар фестивалімен тұспа-тұс келіп, Шыңжаңның Санжы қаласында өткен 2025 жылғы Шамдар фестивалінің халықтық әлеуметтік Шэхуо іс-шарасы қызу өтті. 6000-нан астам өнерпаз барабан, Янгэ, айдаһар және арыстан биі сияқты дәстүрлі халық қойылымдарын орындады.

Қазақтың сауын биі, домбыра тарту, қаражорға биі сияқты ерекше этникалық қойылымдары да өз кезегінде сахнаға көтерілді.

Биылғы Шэхуо ойындары дәстүрлі элементтерді сақтап қана қоймай, сонымен қатар заманауи технологиялар мен инновацияларды біріктіреді. Робот ит пен актерлердің бірлесе ойын қоюы, оңтүстік арыстанның ағаш қада үстіндегі қызықты қозғалыстары және джиу-джитсу мен қуатты акробатиканың тамаша интерпретациясы дәстүрлі халықтық ойындардағы жаңа өміршеңдікті көрсетті.

25 баланың орындауындағы балаларға арналған опера бағдарламасы көрермендердің қошеметіне бөленді.

Жергілікті Көктем мерекесі кезіндегі маңызды оқиға ретінде Санжының Шэхуо ойындары 2021 жылы материалдық емес мәдени мұралардың ұлттық тізіміне енгізілген болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото