- Барлық ақпарат
Цзяшань, Чжэцзян: Ақылды ауыл шаруашылығы көкөніспен қамтамасыз етуге кепілдік береді (4)
20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Чжэцзян өлкесінің Цзясинь қаласындағы Цзяшань ауданындағы ақылды фермада жұмысшылар қысқы көкөністерді нарыққа жеткізуді қамтамасыз ету үшін көкөністерді жинады.
Ферма органикалық көкөністерді өндіру үшін толық автоматты зауыттық әдісті қолданады, өсімдіктердің өсу жағдайын бағалау үшін жасанды интеллект арқылы отырғызу жүйесін пайдаланып, сондай-ақ қоректік ерітінділердің толық бөлінуін, зиянкестердің алдын алуды, ішкі климатты реттеуді және деректерді жинауды автоматты жүзеге асырады. Шаруашылықтағы бір му (қытайша жер көлемі, бір гектар 15 му) көкөністің өнімділігі 50 тоннаға жетуі мүмкін, ал бір му үшін орташа өнімділік ашық далада отырғызу үлгісінен 80 есе, жылыжайдан 10 есе жоғары. Өсу циклі дәстүрлі ауыл шаруашылығына қарағанда жартысына жуық қысқа, ал орташа тәуліктік өнім шамамен 6 тонна.
people.cn © People's Daily Online