- Барлық ақпарат
Сицзанның Бианьба қаласында тағы бір үлкен мұз үңгірі табылды (4)
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 желтоқсан
25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сицзанның Бианьба өңірінде үлкен мұз үңгірі табылды. Бұл - өткен жылдың наурыз айында осы аймақта үлкен мұз үңгірі табылғаннан кейінгі тағы бір жаңалық.
Алдын ала зерттеуден кейін мұз үңгірінің тереңдігі шамамен 152 метр, ені мөлшермен 18,2 метр және биіктігі шамамен 6,6 метр екені белгілі болды.
Мұз үңгірі бұрын табылған Гонга көк мұз үңгірінен 50 метр қашықтықта орналасқан. Екеуі мұз үңгірлер тобының бірегей ландшафын қалыптастырып, бұл өлкенің көркіне көрік қосты. Сонымен қатар Сицзан мұздықтарын зерттеуге жаңа үлгілері мен бағыттар ұсынды әрі туристерге тамаша қыдыру бағытын ашты.
Фото:Халық газеті
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online