Иу қаласында 2024 жылғы «Бір белдеу, бір жол» алтын хаб желісінің халықаралық байланыс іс-шарасы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 желтоқсан
Иу қаласында 2024 жылғы «Бір белдеу, бір жол» алтын хаб желісінің халықаралық байланыс іс-шарасы басталды

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 желтоқсан күні Чжэцзянның Иу қаласында ҚКП ОК Желілік қауіпсіздік және ақпараттандыру комитеті кеңсесінің Желілік коммуникациялар бюросы мен Чжэцзян өлкелік ҚКП комитетінің Желілік қауіпсіздік және ақпараттандыру комитеті кеңсесінің жетекшілігімен 2024 жылғы «Бір белдеу, бір жол» алтын хаб желісінің халықаралық байланыс іс-шарасы басталды.

Ашылу салтанаты хикая, мелодрама, би және басқа да өнерлермен ашылды. Иу халықаралық сауда қаласындағы саудагерлер өкілдері, Иу-Шыңжаң-Еуропа пойыздары қызметі тарапы, Иу ауылдық фермерлері мен өндірушілері және шетелдік достар кәсіпкерлік инновацияларды бөлісуге және мүмкіндіктерді ортақтасуға шақырылып, арман қуған жолдар мен Иу рухы түсіндірілді.

Алдағы бірнеше күнде орталық, өлке, қалалық жаңалықтар сайттарының тілшілері мен блогерлер Иудың әр аумағына, сауда қаласында, Нинбо-Чжоушань портында, Ханчжоу трансшекаралық электронды коммерцияның кешенді пилоттық аймағында болып, сұқбаттар жүргізеді. Сол арқылы Чжэцзян өлкесінің сұлулығы мен «Бір белдеу, бір жол» құрылысы барысындағы табыстары көрсетіледі.

Фото:CCTV

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото