Юньган гроттосының 6-үңгірі мен 12-үңгірі қайта ашылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 желтоқсан
Юньган гроттосының 6-үңгірі мен 12-үңгірі қайта ашылды

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Юньган гроттосының 6-ншы және 12-нші үңгірлері қорғау жұмыстарын аяқтап, 16 желтоқсанда ресми түрде қайта ашылды.

Юньган гроттолары Датун қаласының батыс маңындағы Учжоу тауының оңтүстік етегінде орналасқан. Олар Қытайдағы әлемге әйгілі гроттолардың бірі. Аталған гротто Солтүстік Вэй дәуірінде салынған. Оның 1500 жылдан астам тарихы бар. Мұнда 45 негізгі үңгір мен 59000-нан астам мүсін сақталған. Бұлар сол дәуірдің әлемдегі ою өнерінің ең жоғары деңгейін білдіреді.

6-үңгір - Юньган гроттосындағы ең үлкен, ең бай және ең сапалы ойылған үңгір.

Юньган гроттосының 12-нші үңгірі «Музыкалық үңгір» деп аталады. Бұл Юньган гроттосының музыкалық аспаптар оюларының өкілі және Солтүстік Вэй дәуіріндегі музыка мен биді зерттеуге арналған үңгір. Сонымен қатар, бұл Қытай және шетелдік музыка тарихын зерттеуге арналған ең толық физикалық дерек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото