Бейжіңде 3 жаңа метро желісі ашылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 желтоқсан
Бейжіңде 3 жаңа метро желісі ашылды

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің 15 желтоқсан күні үш жаңа метро желісін ашты. Бұл қалалық теміржол транзиттік желілерінің жалпы ұзындығын 879 шақырымға жеткізді. Әзірге Бейжің қалалық теміржол транзитінің жалпы пайдалану бағыты 879 шақырымды құрап, ұзындығы жағынан ел бойынша бірінші орында тұр.

Бейжің Чаоян теміржол вокзалының (теміржол вокзалы) көлік торабы да сол күні пайдалануға берілді. Бейжің Ұлттық теміржолы Чаоян станциясымен бірге Бейжің қалалық теміржол транзитін пайдалану желісіне қосылды. Осылайша Бейжіңнің жеті ірі теміржол вокзалы мен екі ірі әуежайы «метроның толық қамтылуына» қол жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото