Цинхай Кэкэсилидегі бөкендердің жылы ұясы (6)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 желтоқсан
Цинхай Кэкэсилидегі бөкендердің жылы ұясы

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сонаньдаджи қорғау станциясы Цинхай-Сицзан тас жолының бойында, теңіз деңгейінен 4470 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 600 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл Қытайдағы алғашқы Сицзан бөкендерін қорғау үшін салынған браконьерлікке қарсы құрылған бекет. Мәліметтерге сәйкес, жыл сайын Сицзан бөкендері төлдегеннен кейін қоныс аударады. Осы кезде кейбір бөкен төлдеріне ауа-райының қолайсыздығы, басқа жыртқыш аңдар шабуылы, адасып кету сынды хауіптер төнеді. Күзет тобы оларды байқап, төлдерді Сонаньдаджи қорғау станциясының Сицзан бөкендерін құтқару орталығына әкеледі. Төлдер шамамен 1 жасқа толғанда, арнайы жаттығулар жүргізіледі. Оларды 2 жас шамасында Сицзан бөкендерінің қоныс аудару маусымы кезінде солардың тобына қосады. Осылайша төлдерді табиғат құшағына қайтарады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото