Аомэньнің отанға оралуының 25 жылдығына арналған шамдар шоуы басталды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 желтоқсан
Аомэньнің отанға оралуының 25 жылдығына арналған шамдар шоуы басталды

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Аомэнь арнайы әкімшілік регионы үкіметі туризм кеңсесінің өткізген Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуына және Аомэньнің отанға оралуының 25 жылдығына арналған шамдар шоуы 7 желтоқсан күні кешке басталды. Дүниежүзінің көптеген елінің суретшілері шеберлікпен жобалаған шамдар мерекесі өте салтанатты болды. Аомэнь тұрғындары мен туристер қос мерекені тойлады.

Мәліметтерге сәйкес, іс-шара 2025 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады. «84 күндік іс-шара бірқатар маңызды фестивальдерді қамтиды, тұрғындар мен туристер Аомэньнің отанға оралуының 25 жылдығын тойлайды және қысқы тоқырау, Рождество, Жаңа жыл, Жаңа жылға қараған түн, ескіше күнтізбедегі жаңа жыл, валентин мерекесі, шамдар мерекесі сияқты көптеген мерекелерді бірге өткізеді», - деді Аомэнь арнайы әкімшілік регионы үкіметінің туризм кеңсесінің директоры Вэнь Цихуа.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото