Шэньчжэнь шығанағы: Шэньчжэнь экологиясы мен қалалануының куәсі (6)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 желтоқсан
Шэньчжэнь шығанағы: Шэньчжэнь экологиясы мен қалалануының куәсі

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында онлайн «Халық газетінің» тілшілер тобы Қытайдың реформа және ашық есік саясаты алғаш басталған жер - Шэньчжэньдегі Шэньчжэнь шығанағы саябағына барып, жағалаудағы қаланың экологиялық туризмді дамыту нәтижесімен танысып қайтты.

Шэньчжэнь шығанағы саябағы қаланың оңтүстік-батысында орналасқан. Жалпы ауданы шамамен 128,74 гектар және теңіз жағалау сызығы 13 шақырымды құрайды. Бұл Шэньчжэндегі ең танымал саябақтардың бірі. Саябақ жылына 12 миллионнан астам туристерді өзіне баурайды. Бұл қала тұрғындарының демалыс және көңіл көтеруіне қолайлы орын ғана емес, сонымен қатар Шығыс жарты шарындағы халықаралық жыл құстары үшін маңызды өткел. Жыл сайын қазан айынан келесі жылдың сәуіріне дейін 100 мыңнан астам жыл құстары осында келіп мекендеп, көбейеді.

Шэньчжэнь шығанағы саябағының жетістігі Шэньчжэньдегі экологиялық туризмді дамыту үлгісі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото