Юньнаньның шағын шекаралық ауданындағы 3200 үстелдік «Чан-ан ежелгі банкеті»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Юньнаньдағы Люйчунь шағын шекаралық қала «Әлемдегі ең ұзын банкет» деп танылған «Чан-ан ежелгі банкеті» атты үлкен ас мейрамын ұйымдастырды.

Люйчунь ауданындағы 5 шақырымдық қалалық басты жолдың бойында 3200 үстел тізіліп, жергілікті хани тағамдарының хош иісі мұрын жарып, адамның тәбетін ашты. Үстел үстелге, орындық орындыққа ұласып, мыңдаған адамның дастарханда бірге отырған көрінісі де көзге ерекше шалынды.

Түкпір-түкпірден келген туристер де ас мейрамында бірге бас қосты. Люйчуньдегі барлық этнос өкілдері мерекелік киімдерін киіп, ән әуенімен тілек айтып, би биледі. Жиналғандар көңілді отырыс аясында түрлі тағамдардан дәм татып, елдің өзгеше мәдениетімен танысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото