Хэйхэ, Хэйлунцзян: көрікті жағалау мен бұлт теңізі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хэйхэ қаласындағы Айхуэй аумағында шөккен тұманнан бұлт теңізінің әдемі пейзажы пайда болды. Хэйлунцзян өзені жағасында таңғы шуақ бұлт теңізінен өтіп, ағаш бұтағына қатқан хрусталь гүлдерге сәулесін шашты, бұлт теңізіне шөккен қалың орманға шағылысқан жарық көркімен көздің жауын алады.

Қыста Айхуй аумағының жанындағы Хэйлунцзян бөлігі тұманның пайда болуы үшін жеткілікті су буын қамтамасыз етеді, ал нөлден төмен температура орман бұтақтарына хрустальдің қатуын күшейтеді. Күн шыққанда алтын күн сәулесі осы әдемі көрініске одан да жарқын түстер қосады. Ал кешкі шапақта гүлдер қоюлана түсіп, аппақ тау мен қара өзеннің арасындағы қалың орман және қарлы дала көз сүйсінетін көркем бейнеге айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото