Қытай Ұлттық мұражайында Мәскеу Кремль мұражайларындағы ас-су мәдени жәдігерлерінің көрмесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қараша
Қытай Ұлттық мұражайында Мәскеу Кремль мұражайларындағы ас-су мәдени жәдігерлерінің көрмесі ашылды

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қарашада Бейжіңдегі Қытайдың Ұлттық мұражайында «Орыс банкеті – Кремль мұражайларындағы ас-су мәдени жәдігерлерінің көрмесі» ашылды.

Биыл Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толады. Сонымен қатар үстіміздегі жыл «Қытай-Ресей мәдени жылының» басталу жылы. Қытайдың Ұлттық мұражайы мен Ресейдің Мәскеу қаласындағы Кремль сарайының мұражайлары бірлесіп, «Орыс банкеті - Кремль мұражайларынан алынған ас-су мәдени жәдігерлерінің көрмесін» ашты.

Көрмеде үш бөлікке бөлінген 138 дана (жиынтық) орыс ас-су мәдени жәдігерлері қойылған: ас пісіру құралдары, ас-су дәстүрлері және тағам өнері. 138 дана (жиынтық) Кремль мұражайларынан таңдалған және патшадан қалған тағам мәдениетіне қатысты дәуірден бүгінгі күнге дейінгі жинақта алтын, күміс және қола бұйымдар, фарфор, шыны бұйымдар, майлы бояулы бұйымдар, киім және тоқыма бұйымдары бар. Ыдыс-аяқтар да, дастархан да, сондай-ақ ас-су тақырыптарынан алынған практикалық өнер туындылары да осында. Олар Ресейдегі ұзақ жылғы аспаздық кәсіптің бай тарихын, талғампаз асхана жабдықтарын және әртүрлі банкет өнерін барша қырынан көрсетіп, орыс халқының мәдениеті мен өнерінің мол мұрасын, олардың ерекше стилін әйгілейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото