Мыңжылдық грота қазынасы шұғылалы тарихын жалғастыруда (10)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қараша
Мыңжылдық грота қазынасы шұғылалы тарихын жалғастыруда

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Майцзишань грота өнер ғылыми-зерттеу институты сияқты мәдени жәдігерлерді қорғау бөлімдері Майцзишань гроталарын құтқару және профилактикалық қорғауды үнемі күшейтіп, заманауи ғылыми-технологиялық әдістерді дәстүрлі мәдени жәдігерлерді қалпына келтіру әдістерімен үйлестіретін қорғау мен қалпына келтірудің жаңа әдістерін белсенді түрде зерттеді. Гроталар, мүсіндер және қабырға суреттерінің түрліше бүліну және тозу жағдайын күнделікті тексеру, бақылау, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді қадағалады. Есептерге сәйкес, соңғы үш жылда Майцзишань гроталарының 29 үңгірі қорғалған және бекемделген. Қорғау және қалпына келтіру Майцзишань гроталарының мыңжылдық қазыналарының шұғылалы тарихын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Майцзишань гроталары бидай үйінділері тәрізді пішіндеріне сай Майцзишань деп қойылған, «Қытайдағы төрт ұлы гротаның» бірі және «Жібек Жолы: Чан'ан-Тяньшань дәлізі» - дүниежүзілік мәдени мұрасының нысандарының бірі. «Шығыс мүсіндерінің көрме залы» деген атауымен танымал.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото