- Барлық ақпарат
Жылан жылы арнайы маркасының сызбасы жарияланды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қазан
31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазанда Қытай поштасы Бейжіңде алда кіретін Жылан жылы арнайы маркасының Жылан жыл мүшелі сызбасын шығарды.
Жылан жылы арнайы маркасын Пан Ху мен Чжан Ван жобалаған. Дуньхуан қабырға суреттері мен халықтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарынан шабыт алып, маркалар жылан бейнесін жақсылықтың белгісі мағынасымен шебер үйлестірген. Бұл жыл мүшелі мәдениетінің қайталанбас сүйкімділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар қарапайым және икемді халық даналығын жинақтайды.
Мәліметтерге сәйкес, Жылан жылы арнайы маркалары 2025 жылдың 5 қаңтарында ресми түрде сатылымға шығады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online