ҚазМұнайГаз бен CNPC Қызылорда облысында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуде (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қазан
ҚазМұнайГаз бен CNPC Қызылорда облысында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуде

ҚазМұнайГаз бен CNPC Қызылорда облысында көмірсутек қорларын толықтыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлайды ҚазМұнайГаздың баспасөз қызметі.

Қызылордада геологиялық барлау және кен орындарында мұнай өндіруді арттыру тақырыбына арналған II техникалық семинар басталды. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) бас директорының орынбасары Чжан Даовэй, CNODC бас директоры Хэ Вэньюань және саладағы жетекші сарапшылар қатысты.

Мұнай-газ саласындағы мәселелерді талқылау алаңы ретінде Қызылорда облысының таңдалуы кездейсоқ емес. Аймақта мұнай өндірісі негізгі кен орындарында қордың сарқылуына байланысты азая түсуде. 2013 жылы Қызылорда облысында мұнай өндіру деңгейі 11 млн тонна болса, 2023 жылы 4 млн тоннадан аз мұнай өндірілді. Болжам бойынша, биыл мұнай өндіру көлемі шамамен 3%-ға дейін төмендейді (биыл 3,6 млн тонна мұнай өндірілетін болады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға аз).

Геологиялық барлау жұмыстарын арттыру, жаңа аумақтарды зерттеу, мұнай қорларын толықтыру және инновациялық технологияларды енгізу мақсатында ҚМГ өңірдегі негізгі серіктестерінің бірі CNPC-мен бірлесіп жұмысты жандандырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото