- Барлық ақпарат
ОА елдері Қытай Мемлекеттік басқару академияларымен ынтымақтастықты нығайтуда
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы Қытай тәжірибесімен, оның ішінде инновациялық жобалармен танысып, бірлескен бастамалар келешегін талқылады.
Семинар аясында делегациялар Ханчжоу қаласы Мемлекеттік басқару академиясы, «Ханчжоу қалалық миы» басқару платформасы, сондай-ақ ҚХР-ның екі ірі цифрлық компаниясы қызметімен танысты.
iFLYTEK компаниясы (Бейжің) синхронды аударма, білім беру, медицина саласындағы жасанды интеллект қолдану жобаларын қатысушылар назарына ұсынды.
«AliBaba» компаниясы (Ханчжоу) 25 жылдағы электронды коммерциядан бастап медицина, туризм, білім беруге дейінгі және басқа да салалардағы жетістіктерімен таныстырды.
Чжэцзян провинциясындағы Цзиньшань және Сяогучэн ауылдары жергілікті өзін-өзі басқару мен ауылдарды қайта жаңғырту бойынша озық мысалдармен таныстырды.
2023 жылы Бейжіңде Қытай-Орталық Азия мемлекеттік басқару академиялар желісін құру туралы келісімге қол қойылған. Оған 6 мемлекеттің - Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттік басқару академиялары, сондай-ақ Астана мемлекеттік қызмет хабы кірген. Желінің мақсаты - кадрларды даярлау мен қайта даярлауды қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласында тәжірибе мен білім алмасу.
people.cn © People's Daily Online